ОСК: Сенат депутаттығына 94 кандидат ұсынылды

0
1 022

Биылғы жылы үміткерлердің көпшілік саны Алматы облысында


ОСК: Сенат депутаттығына 94 кандидат ұсынылды

Бүгін ҚР ОСК-да Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы отырыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына өңірлер бойынша кандидаттар ұсыну қорытындылары туралы баяндады.

Отырыс барысында Ортсайлауком төрағасы Берік Имашев "2020 жылғы 13 маусым мен 12 шілде аралығында республика бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлығы 94 кандидат ұсынылды. Салыстырмалы түрде, 2017 жылы Сенатқа кезекті сайлауда 89 кандидат ұсынылған, 2014 жылы – 88, 2011 жылы – 96 кандидат ұсынылған болатын"- деді.

Осылайша, Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттарын сайлаудың соңғы төрт сайлау науқаны бойынша сенатордың бір мандатына ұсыну қорытындысы бойынша орташа есеппен 5-тен астам үміткер келеді.

Биылғы жылы үміткерлердің көпшілік саны Алматы облысында – 9, Нұр-Сұлтан қаласында – 8, Алматы қаласында – 7 адамнан ұсынылған, ал аз үміткерлер Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында 4 үміткерден ұсынылған.

Сенатқа қазіргі сайлау барысында өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланғандар саны – 82 кандидат немесе 87% (салыстырмалы түрде, 2017 жылы - 92,1%, 2014 жылы - 82,9%, 2011 жылы - 82,7%). Бұл ретте мәслихаттар 12 кандидат ұсынды (2017 жылы 7 немесе 7,9%).