Қазақстанда президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.
ERNUR.KZ. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеу туралы құжаттарды қабылдады, деп жазады zakon.kz.
7 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенттігіне кандидат етіп ұсыну туралы құжаттар Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды.
Құжаттардың ішінде:
- Amanat партиясы, Қазақстан халық партиясы, «Ақ жол» ҚДП, «Ардагерлер ұйымы», «QAZAQSTAN TEAM», «Қауымдастық» республикалық қоғамдық бірлестіктерінің, Қазақстан мәслихаттары депутаттарының, «Генералдар кеңесі», «Қазақстан спортшылар одағының» Қазақстан президенттігіне кандидатураны ұсыну туралы хаттамаларынан үзінді.
- Тоқаевтың өмірбаяндық деректерімен бірге президенттікке кандидат ретінде қатысуға келісімі туралы мәлімдемесі.
- ҚР Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының төленгенін куәландыратын құжат.
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
- Жоғары білім туралы дипломдардың көшірмелері.
1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды.
Қазақстанда президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.