Өскеменде бомждар жылынамыз деп біреудің үйін жағып жіберді

0
1 512

Түрлі күйік алып, газға уланған "бомждар" емханаға жатқызылған.


Өскеменде бомждар жылынамыз деп біреудің үйін жағып жіберді

ERNUR.KZ. Өскеменде үйсіз-күйсіз жүрген қаңғыбастар иесіз үйді өртеп жіберді, деп жазады altaynews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, өрт 5 маусымда, сағат 17.00 шамасында болған. Чернов көшесіндегі иесіз тұрған бос үйге кірген олар, от жағып жылынбақшы болған, алайда олардың әрекеттерінің соңы өртке ұласқан.

"Өрттің жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрайды. Үйді отқа ораған 46 жастағы ер адам мен 42 жасар әйел. Біздің қызметкерлер оқиға орнына жетпестен, екеуі үйден шығып үлгеріпті" - деп хабарлады Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі.

Алайда, түрлі күйік алып, газға уланған "бомждар" емханаға жатқызылған.