​Өскеменде көпірден секірмек болған әйел құтқарылды

0
1 361

Алайда өмірінен баз кешкен келіншек оларды қасына жақындатпай қойған.


​Өскеменде көпірден секірмек болған әйел құтқарылды

ERNUR.KZ. Өскемен қалалық жол патрульдік бөлімінің екі қызметкері өз өміріне қол салмақ болған әйелді ажалдан аман алып қалды, деп жазады 24.kz.

Оқиға 14 маусым күні таңғы 6.00 шамасында болған. Аға Сержант Жасұлан Бекболатұлымен оның әріптесі Рүстем Ағыбаевқа 102 желісі арқылы Үлбі көпірінен бір келіншектің өзенге секіргелі тұрғандығы туралы хабарлама түседі. Айналасы 1-2 минут ішінде тәртіп сақшылары оқиға орнына жетіп, көпірдің шетінде тұрған әйел адамды көреді.

Алайда өмірінен баз кешкен келіншек оларды қасына жақындатпай қойған. Ақыры полиция қызметкерлерінің бірі әйелді әңгімеге тартып тұрғанда, екіншісі оны бас салып ұстап қалады. Осылайша, жас келіншектің өмірі құтқарылды.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, енді қызметтерін адал атқарып қана қоймай, адам өміріне араша түскен азаматтар марапатқа ұсынылады.