Әйел адам көпқабатты үйдің 9 қабатынан секірмек болған.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменде әйел адам биіктен секіріп, суицид жасамақ болды, деп жазады sputnik.kz.
Әйел адам көпқабатты үйдің 9 қабатынан секірмек болған.
"Сол жерге келген құтқарушылар балконнан секіруге оқталған әйелді көріп, дереу құтқаруға кіріседі. ТЖД мамандары автосаты арқылы балконнан пәтерге кіріп, әйелді ішке кіргізді. Іс-әрекетіне күйеуімен арасында болған ұрсыс себеп болған", - дейді баспасөз қызметі.
Жедел құтқару жасағының психологы, полиция қызметкерлері, жедел жәрдем мамандары 1989 жылы туған әйелмен сөйлесіп, психологиялық көмек көрсетті.