Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ERNUR.KZ. "Дәрмек" жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде Өскемен қаласының полицейлері қаланың дәрігерлік амбулаторияларының біріне тексеру жүргізу кезінде 34 жастағы медбикеден құрамында есірткісі бар дәрі-дәрмектерді тіркеу және беру бойынша бұзушылықтар анықталды, деп жазады zakon.kz.
- Оқиға болған жерден перапараттар мен рецептуралық бланкілер тәркіленіп алынды, деді ШҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығының міндетін атқарушы Василий Гриценко.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 303-бабының 1-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.