Жасөспірім 111 телефон нөміріне шағым түсіруге болатынын ғаламтордан білген.
ERNUR.KZ. Өскеменде оқушы 111 шұғыл көмек көрсету қызметіне хабарласып, ата-анасының соққысына жығылғанын айтқан. Алайда тергеу барысында қыздың жалған шағым түсіргені, мұны мектепке бармау үшін жасағаны анықталған, деп жазады stan.kz.
Шұғыл көмек көрсету қызметінің психологы 18 қазан күні полицияға келген. Сөзіне қарағанда, оған 12 жасар қыз хабарласып, сіңлісі екеуін ата-анасының ұратыны жайлы айтқан.
"Тексеру барысында қыздың бұл оқиғаны мектепке бармау үшін ойлап тапқаны анықталды. Анасы қызын қосымша сабаққа жазып қойған, бірақ қызы барғысы келмей, ата-анасына қатысты осындай хикая ойлап тапқан", – деді Өскемен полиция басқармасының жетекшісі Андрей Мула.
Жасөспірім 111 телефон нөміріне шағым түсіруге болатынын ғаламтордан білген. Полициядағылар қызға және оның ата-анасына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.