Өскеменде төрт жасар бала флягта кептеліп қалды – видео

0
639

​Үлкендердің қарауынсыз қалған балаға құтқарушылардың көмегі қажет болды


Өскеменде төрт жасар бала флягта кептеліп қалды – видео

ERNUR.KZ. Өскеменде құтқарушылар тобатайда (бидон) кептеліп қалған балаға көмекке келді, деп жазады sputnik.kz.

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалар жеке тұрғын үйде жалғыз қалған, 2018 жылы туған бала аулада ойнап жүріп, флягқа кіріп отырып, кептеліп қалған.


Оның көмекке шақырған айқайын естіген әпкесі дереу 112 қызметіне хабарласқан.
"Оқиға орнына келген төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алдымен баланы ақырын шығарып алуға әрекеттенді, бірақ оның аяқтары қысылып қалған екен. Мамандар арнайы құралдардың көмегімен флягты кесіп, баланы алып шықты", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Қазір бала қауіпсіз жерде және медициналық көмекке мұқтаж емес.