Өскеменде жас босанған аналарға домбыра берілді

0
1 153

Ұлттық домбыра күнінің қарсаңында Достық үйінің этномәдени бірлестіктері ұйымдастырған.


Өскеменде жас босанған аналарға домбыра берілді

ERNUR.KZ. Өскеменде Ана мен бала орталықтарындағы жас босанған әйелдерге домбыра тарту етіледі. Бұл шараны Ұлттық домбыра күнінің қарсаңында Достық үйінің этномәдени бірлестіктері ұйымдастырып отыр, деп жазады altaynews.kz.

"Біз үшін ұлттар достастығы қашанда қымбат. Еліміздегі алуан түрлі ұлттар бір-бірін салт-дәстүр, ұлттық құндылықтарымен сыйлап, тату-тәтті ғұмыр кешеді. Біз «Рухани жаңғыру» және Қазақстан халқы ассамблеясының «Қазақтану» атты бағдарламасының аясында дәстүрімізді кең насихаттауды көздейміз" – деді облыстық Достық үйі – қоғамдық келісім сарайының директоры Эльдар Төлеубеков.

Іс-шара 7 мамыр күні Өтепов, 37 және Шәкәрім даңғылы, 149 мекенжайларындағы Ана мен бала орталықтарында болады.

Еске сала кетейік, Ұлттық домбыра күні шілде айының алғашқы жексенбісінде тойланады.