​Өскеменде жасанды тырнақты қабылдамайтын банкомат бар (видео)

0
1 252

Бұл ерекше банкомат ұзын әрі жасанды тырнақты әйел адамдарға банк картасын қайтармайды, құдды «ұстап» тұрып алады.


​Өскеменде жасанды тырнақты қабылдамайтын банкомат бар (видео)

ERNUR.KZ. Өскеменде әйелдердің табиғи сұлулығын жақсы көретін банкомат бар екен, деп жазады Алтайньюс.

Өскемендегі Буров, 24 мекен жайындағы «Халық банк» банкоматы жасанды тырнақ жапсырған ханымдардың банк картасын бермейді. Яғни «жұтып» қояды. Адам сенгіз жайтты қала тұрғындары да, сол маңдағы банк кеңсесі де растап отыр. Картасын ала алмай тұрған нәзік жандарға неше мәрте қол ұшын созған күзетшілер де куә болған.

Яғни, бұл ерекше банкомат ұзын әрі жасанды тырнақты әйел адамдарға банк картасын қайтармайды, құдды «ұстап» тұрып алады. Ал еркектерге немесе тырнақ жапсырмаған қыздарға еш қарсылық білдірмейді. Сенбейсіз бе? Көріңіз.