Өскеменде жетім балаларға бөлінген 12,8 млн теңгені жымқырған шенеунік сотталды

0
572

Сот осы лауазымда 2013 жылдан 2019 жылға дейін жұмыс істеген 49 жастағы әйел бюджет қаражатын ұрлап, мемлекетке жалпы сомасы 12 830 996 теңге материалдық залал келтіргенін анықтады.


Өскеменде жетім балаларға бөлінген 12,8 млн теңгені жымқырған шенеунік сотталды

ERNUR.KZ. Өскеменде жетім балаларға арналған мектеп-интернатының басшысы 12,8 млн теңге жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Stan.kz.

Өскемен қалалық №2 сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген "Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты" КММ директорына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот осы лауазымда 2013 жылдан 2019 жылға дейін жұмыс істеген 49 жастағы әйел бюджет қаражатын ұрлап, мемлекетке жалпы сомасы 12 830 996 теңге материалдық залал келтіргенін анықтады. Алайда ол кінәсін мойындамады. Сонымен қатар сотталушының кінәсі жәбірленуші өкілдің, куәгерлердің айғақтарымен, бухгалтерлік құжаттармен, сондай-ақ сараптама қорытындысымен расталған.

"ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағының санкциясы мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Кінәні жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ. Қылмыстық құқық бұзушылықты алғаш рет жасауды, кәмелетке толмаған баланың болуын, ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып және залалдың өтелмегенін ескере отырып, сот мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, қылмыстық – атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады", - деп мәлімдеді сот.

Сондай-ақ сот айыпталушыны мемлекеттік қызмет атқарудан өмір бойына шеттеткен.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.