Өскеменде жоғалып кеткен 32 жастағы ер адамның мәйіті табылды

0
573

Диас Қапезов 9 наурызда із-түссіз жоғалды.


Өскеменде жоғалып кеткен 32 жастағы ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында жоғалып кеткен 32 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Диас Қапезов 9 наурызда із-түссіз жоғалды. Ер адам 23-ші шағын аудандағы үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен.

Бүгін таңғы уақытта оның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осыған дейін Өскеменде жоғалып кеткен 32 жастағы ер адамның іздестіріліп жатқанын хабарланған болатын.