Өскемендегі өрт сөндірушілер 10 тұрғынды эвакуациялады

0
925

Құтқарушылардың жедел іс-қимылымен жалпы ауданы 33 шаршы метр өрт сөндірді.


Өскемендегі өрт сөндірушілер 10 тұрғынды эвакуациялады

ERNUR.KZ. Өскеменде Астана көшесінде бес қабатты тұрғын үйде өрт шыққан. Үшінші қабаттағы пәтер отқа оранған. Оқиға орнына дереу ШҚО ТЖД қызметкерлері келіп жетті, деп жазады BAQ.KZ.

Бір уақытта үйдің пәтерлерінен өрт сөндірушілер 10 адамды эвакуациялап, оларды жылы «Вахта» автокөлігіне орналастырған. ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағы бастығының көмекшісі Нұртас Нұрсейітов қарт әйелге үйден шығуға көмектескен.

Пәтерде, зал бөлмесінде жиһаз, жеке заттар жанған, сонымен қатар балкон мен көршілердің балконын ішінара жайылған. Құтқарушылардың жедел іс-қимылымен жалпы ауданы 33 шаршы метр өрт сөндірді. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 15 адам және 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өрт себебі бойынша темекі шегу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау нұсқасы пысықталуда.
ШҚО ТЖД азаматтардан мына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді:

- ашық отты қолданбаңыз
- балкондарды жанғыш материалдармен, ескі жиһаздармен, макулатуралармен және отқа себепкер бола алатын басқа заттармен қаптамау керек
- пәтерден шыққан кезде әрқашан балкондардың терезелері мен есіктерін жабыңыз, оларға кішкене балалардың кіруін шектеңіз
- балконда алғашқы өрт сөндіру құралдарын сақтаңыз
- мүмкіндігінше балкондар мен лоджияларды каптап тастаңыз, терезелерді ашық қараусыз қалдырмаңыз
- балкондар мен лоджиялардан темекі тұқылдарын тастамаңыз.
Күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау өртті болдырмауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлаңыз.