Өскемендік дәрігерлер жаңа туған сәбидің қос бұғанасын сындырып алған

0
2 005

Сүйектері нәзік болғандықтан, босандыру кезінде бұғанасы аздап жылжып кеткен.


Өскемендік дәрігерлер жаңа туған сәбидің қос бұғанасын сындырып алған

ERNUR.KZ. Өскемендегі Ана мен бала орталығында дәрігерлер жаңа туған нәрестенің бұғанасын сындырып алды, деп жазады Altaynews.

Айлин есімді нәресте 16 қазанда дүниеге келген. Толғағы ауыр болғандықтан анасы дәрігерлерге кесар отасы арқылы босандыруды сұраған.

Босанғаннан кейін сәбиін киндіріп жатып, оң жақ қолына бірдеңе болғанын байқап, неонатологты шақыртады. Дәрігер баланы қарағаннан кейін, бұғанасы сынғанын анықтаған екен. Рентген нәтижесі де баланың қос бұғанасы сынғанын көрсетеді.

Қазір баланың жағдайы жақсарған. Оған барлық қажетті ем-шара көрсетіліпті. Орталықтың мамандары балаға ауыр зақым келмегенін айтады. Сүйектері нәзік болғандықтан, босандыру кезінде бұғанасы аздап жылжып кеткен екен. Алайда анасы травманың салдарына алаңдаулы.