​Өскемендік әйел 8 наурыз күні көпірден секіріп кеткен

0
1 129

Әйелді полицейлер құтқарып қалды.


​Өскемендік әйел 8 наурыз күні көпірден секіріп кеткен

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Өскемен қаласында 8 наурыз күні көпірден секіріп кеткен әйелді полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқиға күндіз сағат 11-лер шамасында орын алған. Полиция патрулі 32 жастағы әйелді Үлбі өзенінен алып шықты. Құтқарылған әйел ес-түссіз жатқан. Оны судан алып шыққан кіші лейтенант Азамат Жылқышиов пен полиция капитаны Дәурен Оразбаев алғашқы көмекті көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

ШҚО тұрғынының не үшін мұндай әрекетке барғаны бүгінде анықталып жатыр. Әйелге арнайы мамандар психологиялық көмек көрсетуде.

Дереккөз: ustinka.kz