Осы айда екі миллион адамға вакцина егеміз – Мамин

0
465

​Премьер-министр Қазақстанда вакцинаның қажетті көлемі бар екенін, вакциналаудың қазіргі қарқынын төмендетпей, тек ұлғайту қажет екенін атап өтті.


Осы айда екі миллион адамға вакцина егеміз – Мамин

ERNUR.KZ. 4 мамырдағы жағдай бойынша 350 мың қазақстандық вакциналаудың толық курсын аяқтады. Мамырда тағы екі миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Бүгінгі күнде өңірлерге 2,3 миллионнан астам вакцина жеткізілді. 1,5 миллионға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін және 350 мың адам екінші компонентін алды. Мамырда екі миллионнан астам адамды вакцинамен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз", - деді премьер-министр үкімет отырысында.

Мамин елде вакцинаның қажетті көлемі бар екенін, вакциналаудың қазіргі қарқынын төмендетпей, тек ұлғайту қажет екенін атап өтті.

Бұл ретте ол ауыл тұрғындарына вакцина егуге ерекше назар аударуды тапсырды.

Сонымен қатар вакцина алғандар санының артқанына қарамастан, адамдар санитарлық нормаларды қатаң сақтауға тиіс екенін ескертті.

Осыған байланысты премьер денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп жылжымалы вакциналау пунктері арқылы ауыл халқын барынша вакциналауды тапсырды.

Әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеудің жаңа критерийлерін енгізуді, вакцина алғандарға жеңілдіктер беруді бақылауда ұстау қажет екенін мәлімдеді.

Ақпарат министрлігіне қазақстандықтар арасында вакциналау науқаны мен карантиндік шектеулер туралы түсіндіру жұмысын кеңейтуді бұйырды.