Отандық әуе компаниялары жыл басынан бері шамамен 5,5 миллион жолаушыны тасымалдады

0
612

Бүгінгі таңда аптасына 640 рейс жиілігімен 53 бағыт бойынша 6 әуе компаниясы жолаушыларға қызмет көрсетеді.


Отандық әуе компаниялары жыл басынан бері шамамен 5,5 миллион жолаушыны тасымалдады

Отандық әуе компаниялары жыл басынан бері шамамен 5,5 миллион жолаушыны тасымалдады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 17%-ға артық, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда аптасына 640 рейс жиілігімен 53 бағыт бойынша 6 әуе компаниясы жолаушыларға қызмет көрсетеді.

Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көлікке деген қолжетімділігі және ішкі туризмді дамыту үшін елдің 9 өңірінде 19 ішкі авиамаршрут субсидияланады.

Халықаралық әуе қатынасы туралы айтар болсақ, рейстер аптасына 619 жиілігімен 107 бағыт бойынша 29 елге орындалады. Оның ішінде, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Катар, Қытай, Малайзия, БАӘ, Таиланд және басқа елдер бар.