Өте сирек жағдай: Қазақстанда КВИ пневмониясына шалдыққан 58 бала тіркелген

0
412

КВИ-ге шалдыққан балалардың 90 пайызы инфекцияны симптомсыз өткерген.


Өте сирек жағдай: Қазақстанда КВИ пневмониясына шалдыққан 58 бала тіркелген

ERNUR.KZ. Еліміздің бас педиатры, медицина ғылымдарының докторы Риза Боранбаева жаңа туған сәбилер де коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бас педиатрдың айтуынша, ересектерге қарағанда балалар арасында коронавирус жұқтыру жағдайы өте аз. Оған қоса, балаларда ауру көбіне симптомсыз, жеңіл түрде өтеді. КВИ-ге шалдыққан балалардың 90 пайызы инфекцияны симптомсыз өткерген. 0,1 пайызы үшін ауыр жағдайда, қалғаны орташа ауыр жағдайда өткерген.

«Дегенмен, балалар арасында да ауыр өтетін жағдайларды жоққа шығаруға болмайды. Тіпті, жаңа туған сәби де ауырып қалуы мүмкін. Биыл 1 қаңтардан бері коронавирус диагнозымен 16 245 бала, оның ішінде жаңа туған 34 сәби тіркелді. 13 985 пациент емделіп шықты», - деді Риза Боранбаева ОКҚ-да өткен брифингте.

Ауырған балалардың 58-не вирустық өкпе қабынуы (пневмония) диагнозы қойылған. Жалпы, пневмония балалар арасында өте сирек кездесетін жағдай.

«Елімізде балаларға вакцина салынбайды. Коронавирусты емдейтін дәрілік зат та жоқ. Сондықтан оларды індеттен қорғаудың жалғыз жолы - эпидемияға қарсы іс-шараларды барынша сақтау», - деді бас педиатр.