Экскурсия демалыс уақытында болғандықтан мектеп әкімшілігімен келісілмеген. Білім басқармасы оқиғаның мән-жайын зерттеп жатыр.
ERNUR.KZ. Шарын шатқалында селден көз жұмған мұғалім кейінгі 3 жылда Алматыдағы №199 гимназияда жұмыс істеген. Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға кезінде ол балаларға көмектескен, деп жазады sputnik.kz.
Алматы қаласы білім басқармасының мәліметінше, 26 жастағы Мерей Ибрагимов көркем пәндерден сабақ берген. Жұмыс өтілі – 5 жыл. Оның 3 жылында Алматы қаласындағы №199 гимназияда жұмыс істеген.
ріптестерінің айтуынша, Мерей өте жауапты маман болған.
"Барлық оқушының сүйікті ұстазы, өз ісінің шебері еді. Ерекше шығармашылық адамы, көшбасшы, мақсаты айқын ұстаз болатын. Жан-жағындағыларға күлкі сыйлап жүретін", - дейді марқұмның әріптестері.
Айта кетейік, 29 мамыр күні Алматы облысында Шарын шатқалының төменгі бөлігінде сел жүрді. Сол күні Алматыдағы №199 гимназияның 8 оқушысы шатқалға экскурсияға шыққан. Оларды 5 ата-ана мен 3 мұғалім ертіп жүрген.
Қайғылы оқиға салдарынан оқушы мен мұғалім көз жұмды, тағы бір оқушы жоғалып кетті. 30 мамырда сел ағызып әкеткен қыз аман-есен табылды.