Өзбекстанда пластикалық ота жасатқан қазақстандық әйел қайтыс болды

0
978

Әйел Ташкентте мұрынның деформациясын және мұрын қисықтығын түзеткен.


Өзбекстанда пластикалық ота жасатқан қазақстандық әйел қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ташкенттегі жеке клиникада пластикалық операциядан кейін екі науқас қайтыс болды. Олардың бірі Қазақстан азаматшасы, деп жазады Stan.kz.

Әйелдің тамыз айының соңында қайтыс болғаны анықталған.

Қайтыс болған қазақстандық әйелдің 43 жаста екендігі айтылды. Ташкентте ол ринопластика жасады - мұрынның деформациясын және мұрнын қисықтығын түзеткен.

Операциядан біраз уақыттан кейін әйелдің денсаулығы күрт нашарлады. Ол Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығына сараптамаға жіберіледі, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Науқас реанимацияда қайтыс болған.

Сараптамаға сәйкес, өлімге ми қан айналымының бұзылуына байланысты геморрагиялық инсульт себеп болған.

Сол айда осы орталықтың тағы бір науқасы қайтыс болды. Операция кезінде анестезияға байланысты оның жағдайы күрт нашарлады.

Қыз 20 жаста еді, ол жүкті болған.

Екі адамның өліміне қатысты тергеу басталды. Сондай-ақ, елдің денсаулық сақтау министрлігі қайтыс болған науқастарға операция жасалған медициналық орталықтың қызметін тексереді.