Өзбекстанға бару үшін паспорт қажет болмауы мүмкін

0
487


Өзбекстанға бару үшін паспорт қажет болмауы мүмкін

ERNUR.KZ. Көршілес өзбек еліне баратын отандастарымыз үшін алдағы уақытта паспорт қажет болмауы мүмкін, деп жазады kaz.zakon.kz.


Қазақстан мен Өзбекстан арасында азаматтардың жеке куәлігін өзара тану бойынша келіссөз жүріп жатыр.




Бұл туралы Өзбекстан президентінің сыртқы саясат жөніндегі арнайы өкілі мәлімдеді.

"Орталық Азия елдері арасындағы шекара достық пен тату көршілік көпіріне айналды. Өткен жылдың қыркүйегінен бері тұрғындар жеке куәлікті көрсету арқылы өзбек-қырғыз шекарасын кесіп өте алады. Енді осындай ереже Қазақстанмен де талқыланып жатыр", — деді ол.


Жуырда өткен Астана саммитінде Өзбек басшысы Шавкат Мирзиеев Орталық Азия елдеріне ұлттық жеке куәліктерді өзара тануды ұсынған болатын

Бұл көрші мемлекеттердің туризмді дамытуына оң септігін тигізеді.