Өзбекстаннан гуманитарлық көмек тиелген 15 жүк көлігі келді

0
524

Оны арнайы сүйемелдеу қызметі Келес ауданы аумағындағы Б.Қонысбаев кеден бекетінен күтіп алды.


Өзбекстаннан гуманитарлық көмек тиелген 15 жүк көлігі келді

ERNUR.KZ. Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға тиісті көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, өзге өңірлермен қатар көршілес мемлекеттер де қиын-қыстау кезеңде жәрдемдесуде, деп жазады inform.kz.

Бүгін Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға 15 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек келді. Оны арнайы сүйемелдеу қызметі Келес ауданы аумағындағы Б.Қонысбаев кеден бекетінен күтіп алды. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев көршілес елдің бұл көмегіне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Бұл гуманитарлық көмек керуенін Түркістан облысының төтенше жағдай департаменті қызметкерлері Қарағанды облысының Сарышаған елді мекеніне, Балқаш қаласына, Қарағанды қаласына дейін сүйемелдеп, жеткізіп береді.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстаннан жіберілген гуманитарлық көмек көліктері су тасқынынан зардап Ақтөбе қаласына жеткізілген болатын.