Тауардың алдын ала бағалау құны - 70 млн теңгені құрайды.
ERNUR.KZ Түркістан облысында қазақ-өзбек шекарасаныда орналасқан Б.Қонысбаев өткізу пунктінде Өзбекстаннан Қазақстанға кіретін көліктерді тексеру кезінде шекара жасағы үш жүк көлігін ұстады, деп жазады inform.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, оның ішінде ілеспе құжаттары жоқ 6 шетелдік жеңіл көлік болған.
Контрабанданы өткізу әрекеті үшін Қазақстан азаматтары ұсталды.
Тауардың алдын ала бағалау құны - 70 млн теңгені құрайды. Ұсталған жүк Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылады.