«Өзенмұнайгаз» директорының екінші орынбасары ұсталды

0
762

Қазіргі уақытқа дейін "Қаражанбасмұнай" АҚ Бас директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.


«Өзенмұнайгаз» директорының екінші орынбасары ұсталды

ERNUR.KZ. ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының бұрынғы орынбасары Ермек Қарамырзаев ұстады, деп жазады BAQ.KZ.

Қазіргі уақытқа дейін "Қаражанбасмұнай" АҚ Бас директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.

Ол «КЕЗБИ» ЖШС-нің және «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау мақсатында өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланған деп күдіктелуде.

Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра, оларды тендерге қатыстырған. Олардың мүдделерін қолдауды жалғастыра отырып, ол «КЕЗБИ» ЖШС-ні компаниясы үшін ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша көрінеу қолайсыз шарт жасасуға мәжбүр етті. Өзінің заңсыз әрекеттерімен ол «КЕЗБИ» ЖШС-нің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірді және мыңнан астам қызметкердің құқықтарын бұзды, сондай-ақ мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіс тудырды. ҚР ҚПК 201-бабының негізінде өзге ақпарат жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі, - делінген ҚМА таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, 2 маусымда Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментімен «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директорының орынбасары Б.Мамбетсапаев өз лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланып, ауыр салдарға алып келгені бойынша күдікпен ұсталғаны белгілі болды.