Бұл көрме ағымдағы жылдың 30-шы сәуiр күніне дейін Тараз қаласының қонақтары мен тұрғындары назарына ұсынылады. Атаулы шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылуда.
Таразда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен «Ежелгi Тараз ескерткiштерi» тарихи-мәдени қорық-музейі» «Ұлы Дала Елінің жазба жауһарлары» атты көрмесінің ашылу салтанатын өткіздi,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Тарихи көрме Түркі жұртының тәу етіп, рухани тамырын түйістірген Түркістан қаласынан жеткен Қожа Ахмет Ясауидің мұралары "Диуани хикмет" кiтабының қолжазба нұсқалары мен "Пақырнама" еңбегi, "Насабнама" шежiрелiк қолжазбасы және өз заманында қолданған мөрі, қолжазба көшірмелері, сол дәуірде қолданыста болған шырағдандар мен ұлы тұлғаның соңынан ерген шәкірттері Сүлеймен Бакырғанидың «Диуан» қолжазба еңбегі, Имам Матрудидің «Қисса» қолжазба еңбектерінен құралған.