Өзін өзі банкрот жариялаған адам 3 жыл шетелге шыға алмайды

0
903

Егер борышкердің қарызы 1600 Айлық есептік көрсеткіш яғни 4 миллион 900 мыңнан көп болса, қаржы ұйымы сот арқылы оның үйін тартып алуға құқылы.


Өзін өзі банкрот жариялаған адам 3 жыл шетелге шыға алмайды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Өзін банкрот деп жариялаған жеке тұлға үш жыл бойы шет елге шықпайды. Сондай-ақ бес жыл бойы несие берілмейді, деп жазады 24.kz.

Егер борышкердің қарызы 1600 Айлық есептік көрсеткіш яғни 4 миллион 900 мыңнан көп болса, қаржы ұйымы сот арқылы оның үйін тартып алуға құқылы.

"Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң жобасында осындай ережелер қарастырылған. 4 ақпан күні заң жобасының тұжырымдамасы мақұлданды. Қазір қоғамда талқыланып жатыр. Кезекті талқылау барысында сарапшылар бірқатар ұсыныс жасады.

Яғни борышкердің оқу немесе жұмыс істеу мақсатымен шетелге шығуына рұқсат ету, алаяқтық жасағандарға жазаны күшейту. Банкроттық жариялаған жеке тұлғаның қаржылық жағдайын үш жыл бойы бақылау және жалғыз баспанасын тартып алмау туралы айтылды.

"Банкроттық жариялау рәсімінің жеңілдетілуіне түбегейлі қарсымын. Өйткені бұл борышкердің ең соңғы амалы болуы тиіс. Әйтпесе азаматтар қарыздан құтылу үшін өзін банкрот жариялай салуы мүмкін. Сондай-ақ жалғыз баспанасын тартып алу туралы ережеге де келіспеймін. Ресейде оны тартып алмайды. Мысалы, азаматтың үш бөлмелі үйі болса, оны сатып, бір бөлмелі үй әпереді. Үстіндегі ақшасы берешекті өтеуге жұмсалады. Осындай нұсқаларды қарастыру керек", - дейді сарапшы Андрей Чеботарев.