Пандемия кезінде жылқы етіне сұраныс артқан

0
687

​Әсіресе қой еті 14%-ға қымбаттады.


Пандемия кезінде жылқы етіне сұраныс артқан

ERNUR.KZ. Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында ет өндірісі 17,1%-ға төмендеп, 22 мың тоннаны құрады, деп жазады inbusiness.kz.

2021 жылдың қаңтар-сәуірінде құс етін өндіру 1,3%-ға азайып, 34,8 мың тонна болды. Ірі қара мен ұсақ мал, сондай-ақ шошқа еті өндірісінің жартысынан көбі үш облысқа тиесілі.

Олар: Ақтөбе (6,4 мың тонна), Қостанай (3,5 мың тонна) және Павлодар (2,2 мың тонна) облыстары. Ал құс еті өндірісінің жартысынан көбі тек екі облыстың үлесінде. Олар: Ақмола (12,3 мың тонна) және Шығыс Қазақстан (7,1 мың тонна) облыстары.

Алматы облысында да өндіріс ошақтары бар (6,5 мың тонна). Биылғы сәуір айының соңында баға өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өсті. Бәрінен бұрын қой еті 13,5%, жылқы еті 8,4%, сиыр мен шошқа еті 7,3%, құс еті 1,2% қымбаттады. 2020 жылы әр қазақстандық орта есеппен 23,1 келі сиыр етін тұтынды - бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,9%-ға аз.

Сондай-ақ қой етін (жан басына шаққанда орташа есеппен 6,1 келіге дейін немесе 1,8% -ға) және шошқа етін (0,1% -ға, 3,4 келіге дейін) тұтыну төмендеді. Еттің арзан түрі ретінде құс етін тұтыну 4,6%-дан 4,6 келіге дейін өсті.

Сонымен қатар жылқы етін тұтыну бірден 21,2%-ға, жан басына шаққанда 6 келіге дейін артты. Бәлкім бұл халық арасында тараған «саумал мен қымыз вирустан сақтанудың жолы» деген ақпараттың нәтижесі болар.