Паралимпиада-2022: Қазақстан құрамасы алғашқы медаль алды

0
552

Спортшы парабиатлонда үшінші орын алды.


Паралимпиада-2022: Қазақстан құрамасы алғашқы медаль алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық Александр Герлиц 2022 жылғы Бейжің Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды, деп жазады Olympic.kz.

Спортшы парабиатлонда үшінші орын алды. Александр Герлиц 10 шақырым (LW6) қашықтықта сынға түсті.

Бірінші болып мәреге канадалық Марк Аренц келді. Екінші орын украиндық Григорий Вовчинскийге бұйырды.

Герлиц жүлдесі Қазақстан құрамасының қорындағы бірінші жүлде екенін еске сала кеткеніміз жөн.