Парламент Байқоңырды Ресейге жалға беру уақытын ұзартты

0
430

Кешен жалға берілген 27 жыл ішінде бюджетке үш миллиард доллардан аса қаражат түскен.


Парламент Байқоңырды Ресейге жалға беру уақытын ұзартты

ERNUR.KZ. Сенат Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы Байқоңырды жалға алу шартына түзетулерді қабылдады. Ол Ресей тарапына ғарыш айлағын жалға алуды 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Байқоңыр" кешенін жалға беру шартының 4-бабына түзетулер енгізу бөлігінде хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы "Байқоңыр" кешенін жалға алу мен пайдалануды 2050 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді", - делінген сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысында.

Хаттаманы ратификациялау нәтижесінде "Байқоңыр" кешенінің ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік-мәдени әлеуетін сақтауға, тиімді пайдалануға және дамытуға мүмкіндік беретін бұрын қабылданған міндеттемелерді үйлестіру күтіледі деп көрсетілген. Сонымен қатар, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету көзделген.

Бұған дейін Қазақстан бюджетіне Байқоңырды пайдаланғаны үшін жыл сайын 115 миллион доллар мөлшерінде жалдау ақысы түсетіні хабарланған болатын. Кешен жалға берілген 27 жыл ішінде бюджетке үш миллиард доллардан аса қаражат түскен.