​Паспорт пен жеке куәлікті қашан ауыстырамыз?

0
4 513

Аталған құжаттардың латын қаріпіндегі нұсқасы 2021 жылдан бастап беріле бастайды екен.


​Паспорт пен жеке куәлікті қашан ауыстырамыз?

ERNUR.KZ. Қазақ әліпбиінің латын қаріпіне көшуге байланысты Қазақстанда алдағы уақытта паспорттар мен жеке куәліктерді ауыстыру қажет болады, деп жазады Алтайньюс.

Аталған құжаттардың латын қаріпіндегі нұсқасы 2021 жылдан бастап беріле бастайды екен.

Бұл туралы Қазақстанның электронды үкіметі сайтында жарияланып отыр. Құжаттарды толық ауыстыру 2021-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады деп жоспарланған.

Жалпы латиницаға ауысу үш кезеңде өтеді: бірінші кезең 2018-2020 жылдар, екінші кезең 2021-2023 жылдар, үшінші кезең 2024-2025 жылдар аралығы.