Пәтер кезегінде тұрмағандар үшін жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленеді

0
555

Енді ешқандай кезекте жоқ, мемлекеттен жасалуы мүмкін қайыр-қайырымға қолын бір-ақ сілтегендер үшін жағымды жаңалық.


Пәтер кезегінде тұрмағандар үшін жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленеді

ERNUR.KZ. Жуық арада оларға арнап жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленбек, деп жазады inbusiness.kz.

Индустрия министрлігінің мәліметіне сенсек, жаңа бағдарлама "7-20-25" пен "5-10-20"-ның орнын басады. Азаматтар небәрі 10 пайыздық бастапқы жарнамен несие рәсімдеу мүмкіндігіне ие болмақ. Тек бұл үшін алдымен "Отбасы банкі" бірыңғай тұрғын үй операторы мәртебесін алуға тиіс.

"Жылдық пайыздық мөлшерлеме және басқа да шарттары туралы әзірге нақты ақпарат жоқ, жаңа ипотекалық бағдарламаның тұжырымдамасы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр екен. Оны алдағы 2-3 апта ішінде бекіту жоспарланған", - деді ведомство өкілдері.