Ай сайын 12,5 млн қазақстандық Telegram-ды пайдаланады.
ERNUR.KZ. Telegram мессенджерінің негізін қалаушы, миллиардер Павел Дуров Қазақстанға жасаған сапары туралы ойын жазды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Дуров жуырда Орталық Азияның экономикалық орталығы Қазақстаннан оралғанын атап өтті. Ол Астана, Алматы, Бурабай мен Шарын шатқалына барған.
«Қазақстанның сұлулығы оның амбицияларымен ғана бәсекелеке алады. Ел бизнеске қолайлы саясатымен және тиімді салықтарымен халықаралық компаниялар мен технологиялық стартаптарды тартып отыр. Сондай-ақ инновациялық мектептер мен университеттерді қолдай отырып, білім мен ғылым саласындағы позициясын жақсартып жатыр»,- деп жазды Дуров желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, 20 миллион қазақстандықтың 12,5 миллионы ай сайын Telegram қолданады. Бұл былтырғымен салыстырғанда 25%-ға көп.
Естеріңізге сала кетейік, маусым айының соңында Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Embraer Legacy 600 ұшағымен Астанаға ұшып келді. Сапар барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығы лицензиясы бар платформаларда сауда жасау үшін Павел Дуровтың криптовалютасы Toncoin-ды мақұлдады.