Павлодар мектебінде газ баллон шашып жіберген: үш бала ауруханаға түсті

0
377

Дәрігерлер қарағаннан кейін оқушылар амбулаторлық емге жіберілді.


Павлодар мектебінде газ баллон шашып жіберген: үш бала ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Павлодарда мектепте газ баллон шашып жіберген, деп жазады sputnik.kz.

Салдарынан алтыншы сыныптың үш оқушысы – екі ұл және бір қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Павлордар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Зардап шеккендерді кезекші дәрігер қарап шықты.
Балалардың жағдайы жақсы. Ауруханаға жатқызу қажет болмады, сол себепті олар амбулаторлық емге жіберілді.