Павлодар облысында 2,1 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

0
379

Павлодар облысы прокуратурасының апелляциялық өтінішхаты бойынша сот шешімі өзгертілді.


Павлодар облысында 2,1 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында Тереңкөл ауданының прокуратурасы "Вильгельм" шаруа қожалығына 20 жыл мерзімге 1552 гектар жайылымдық жерді негізсіз беру фактісін анықтады, деп жазады sputnik.kz.

"Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жер ресурстарын басқару департаменті жерді жалдау шартын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді", - деп жазылған облыс прокуратурасының хабарламасында.
Облыстың Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен департаменттің талап арызынан бас тартылған.
Алайда сот учаскені беруге болмайтынын назарға алмаған, өйткені ол елді мекеннің жеріне жатады және жергілікті халықтың малын жаюға арналған.
Павлодар облысы прокуратурасының апелляциялық өтінішхаты бойынша сот шешімі өзгертілді, талап арыз қанағаттандырылды, құны 2,1 млрд теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды.