Павлодар облысында 8,5 млн теңгенің ағашын заңсыз кескен орманшы ұсталды

0
1 371

Орманшы қорғауға алынған аумақтағы тал тұқымды ағаштарды отап тастаған.


Павлодар облысында 8,5 млн теңгенің ағашын заңсыз кескен орманшы ұсталды

ERNUR.KZ. Ертіс ауданында орманшы заңсыз 8,5 млн теңгенің ағашын кескен. Күдікті қылмысты ақпан-наурыз айларында жасаған, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Ертіс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ертіс өзені жайылмасының қорғалатын аумағында тал тұқымды ағаштарды заңсыз кескен деген күдікпен облыс орманшылықтарының бірінің орманшысын ұстады. Ол қылмысты 2020 жылғы ақпан-наурыз аралығында жасаған деп болжануда. Шығын шамамен 8,5 миллион теңгені құрады», - деді баспасөз қызметінде.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 340-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.