Павлодар облысында кәмелетке толмаған бала аттан құлап, мерт болды

0
554

Оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Павлодар облысында кәмелетке толмаған бала аттан құлап, мерт болды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Қайғылы жағдай Павлодар облысының Ақтоғай ауданында болды, деп жазады ҚазАқпарат.

«16 маусым күні Павлодар қалалық полициясына шаһардағы ауруханалардың бірінде кәмелетке толмаған баланың қаза тапқан туралы хабар түсті»,- деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«15 маусым күні Павлодар облысының Ақтоғай ауданы, Бесталап ауылында сағат 12:30-да кәмелетке толмаған бала аттан құлады. Оны көргендер бар»,-деп мәлімдеді вдомстводан.

Оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.