Павлодар облысында көлік қозғалысы шектелді

0
2 054

Өңірде аяз - 39 градусқа дейін жетті.


Павлодар облысында көлік қозғалысы шектелді

ERNUR.KZ. Өңірде аяз күшейіп, - 39 градусқа дейін жетті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 3 қаңтар күні ауа райының нашарлауына байланысты (қатты аяз -39 градусқа дейін) республикалық және облыстық маңызы бар барлық автожолда дизель және қоғамдық көліктің түрлеріне қозғалыс жабылатыны туралы ескертті.

«Қатты аязда далаға шықпауларыңызды және қатты отынды пайдалану кезінде абай болуларыңызды, сонымен қатар, суықта жылытқыш электр құралдарын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігін сақтауды, кәмелетке толмаған балаларды жалғыз қалдырмауды сұраймыз. Өзіңізді және жақыныңызды қорғаңыз», - деді департаменттен.