Шарбақты ауданының полицейлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алуды хабарламау фактісін анықтады.
ERNUR.KZ. Павлодар облысында қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды, деп жазады BAQ.KZ.
Шарбақты ауданының полицейлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алуды хабарламау фактісін анықтады.
"Қазақстан Республикасының азаматы 57 жастағы әйел Ресей Федерациясының азаматтығын алды, бірақ қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде шетелдік азаматтығын алғаны туралы хабарламады. Шетел азаматшасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс жасалып, іс сотта қаралды. Сот қаулысымен әйелді елден шығару туралы шешім қабылданды", – деді Павлодар облысы Шарбақты ауданының полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.
Полиция биылғы жылы осындай бұзушылықтар үшін 158 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.