Павлодар облысында өртенген үйден ер адамның денесі табылды

0
582

9 мамырда кешкі сағат 19:13-те Павлодар ауданының Набережное ауылында болған.


Павлодар облысында өртенген үйден ер адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Павлодар облысы төтенше жағдай департаменті өңірге қарасты Набережное ауылында жер үй өртеніп, 50 жастағы ер адам көз жұмғанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Мәліметтерге сүйенсек, қайғылы оқиға 9 мамырда кешкі сағат 19:13-те Павлодар ауданының Набережное ауылында болған. 101 пультіне ауылдағы жер үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

“Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде қамыстан салынған 2 бөлмелі үйдің жанып, шатыры жартылай құлаған. Өрттің ауданы – 50 шаршы метр. Үйдегі газ баллонының біреуі жарылған. Алайда мамандар екінші газ баллонын сыртқа шығарып үлгерген. Осылайша тағы бір жарылыстың болуына жол берілмеді. Үйден 1974 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Оның денесі күйіп кеткен”, – деп жазылған хабарламада.

Өрт кешкі сағат 21:55-те толық сөндірілді. Оны сөндіруге 4 техника мен 10 маман жұмылдырылды.

Бұдан бөлек Чернорецк ауылынан өрт сөндіру бөлімінің мамандары тартылды. Оқиға орнында полиция мен дәрігерлер де болған. Өрттің нақты себебі анықталып жатыр.