Павлодар облысында төрт оқушы астан уланып ауруханаға түсті

0
473

Уланған оқушылар 0-9 сынып аралығында оқиды.


Павлодар облысында төрт оқушы астан уланып ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Павлодар облысы Шабақты ауылында астан уланған төрт оқушы ауруханаға түсті, деп stan.kz.

"Шабақты ауылында №2 жалпы білім беретін мектептің оқушылары 9 қыркүйек 09:00-ден бастап аудандық ауруханаға түсе бастады. Соңғысы медициналық көмекке кеше жүгінген. Балалар құсу, іш ауру, диарея мен дене температурасының көтерілуіне шағымданды. Алдын ала диагноз "астан улану", – делінген Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының хабарламасында.

Уланған оқушылар 0-9 сынып аралығында оқиды. Бес бала үйден ем қабылдап жатыр. Төрт оқушы Павлодар облыстық инфекциялық балалар ауруханасына жатқызылған. Олардан ShigellaSonne анықталды.

Санитар дәрігерлердің мәліметінше, оқушылардың барлығы мектеп асханасында тамақтанған. Қазір жоспардан тыс тексеріс басталды.