Ол ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Павлодарда 1 жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Балақай облыстық ауруханаға жеткізілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, алған жарақат салдарынан баланың миы шайқалған.
«28 тамызда сағат 16:20-да облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне бесінші қабаттан құлау салдарынан зардап шеккен 2022 жылы туған бала жеткізілді. Бала жабық ми жарақатын алды, миы шайқалды», - деп хабарлады басқарма.
Бала травматология бөліміне жатқызылды.