Павлодарда 4 жасар бала үйдің бесінші қабатындағы терезеден дәрет сындырған

0
675

Павлодар қаласы әкімінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда ананың жауапсыз мінез-құлқы қаралатын болады.


Павлодарда 4 жасар бала үйдің бесінші қабатындағы терезеден дәрет сындырған

ERNUR.KZ. Павлодардағы көп қабатты үйдің бесінші қабатының терезесінде тұрып, дәрет сындырған кішкентай баланың видеосы пайда болды. Жағдайға Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп жазады Stan.kz.

"Факт тіркеліп, тексеру жүргізілді. Ювеналды полиция қызметкерлері пәтерде әжей мен екі қызы, олардың үш баласы (4, 8 және 15 жас) тұратынын анықтады. Таңертең ересектер балаларды қараусыз қалдырып кеткен. Төрт жасар бала бесінші қабатта орналасқан терезенің бұрышына тұрып, қажеттін өтеген. Терезеден құлап кетуі мүмкін еді", - деп хабарлады полицияда.

Баланың анасына қатысты ӘҚБтК - нің 127-бабы (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) бойынша әкімшілік іс қозғалды - осы бап бойынша оған 10 АЕК (26 510 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Павлодар қаласы әкімінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда ананың жауапсыз мінез-құлқы қаралатын болады. Отбасы профилактикалық бақылау жүргізу үшін есепке алынды.