​Павлодарда 50 мың теңге пара алған шенеунік сотталды

0
1 060

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілдері хабарлады.


​Павлодарда 50 мың теңге пара алған шенеунік сотталды

ERNUR.KZ.Павлодарда 50 мың теңге пара алған шенеунік сотталып жатыр, деп жазады Baq.kz.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілдері хабарлады.

«2018 жылдың 18 маусымында «Родник» шаруа қожалығының өкілі М.Көшерден жер учаскесін таңдау актісін бекіткені үшін 50 мың теңге көлемінде пара алған. Осылайша, мамандар Павлодар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Асхат Рамазановтың заңсыз әрекетін алдын алды», - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның баспасөз хатшысы Айнұр Сәдуақасова.

Айта кетейік, тергеу барысында күдікті кінәсін толық мойындады және алдын-ала тергеуді жеделдетуге сұрады. Бүгінгі таңда тергеу амалдары аяқталып, қазіргі уақытта іс Павлодар қаласындағы №2 соттың қарауында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық бюро мамандары 50 жалған зейнеткердің есімімен бүркеніп, мемлекет бюджетін жымқырған коммерциялық емес ұйым мамандарының әрекетін әшкерелеген болатын. «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорация» АҚ облыстық департаменті басшысының орынбасары мен облыс бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің бөлім басшысы мемлекет бюджетіне 120 млн. теңге көлемінде шығын келтірген. Олар облыс тұрғындарына зейнетақы төлемдерін заңсыз ресімдеп, 300 мың теңгеден 1 млн. теңгеге дейін сыйақы алған. Қазіргі таңда екеуі дем қамаққа алынды.