Бала ауруханаға жеткізілгенде комада болған.
Дәрігерлер бір жарым жасар қыздың өмірі үшін екі күн күресті, деп хабарлайды ERNUR.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері қыздың өмірін сақтап қалу үшін барын салды.
«9-қабаттан құлаған кішкентай қыз бір сағат бұрын қайтыс болды,» - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, бала ауруханаға жеткізілгенде комада болған.
Еске сала кетейік, жазатайым оқиға 15 мамырда болған еді. Бала 9 қабаттан дүкеннің үстіне құлап кеткен. Ауыр жарақаттармен ол ауруханаға жатқызылып, өкпені жасанды желдету және инотропты қолдау аппаратына қосылды.