Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейін тергеу жүргізу амалдары жалғасуда.
ERNUR.KZ. Павлодарда автосалондардан ұрлық жасағаны үшін 37 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Құрықталған азамат бір түннің ішінде үш рет ұрлық жасап, аккумуляторларды қолды қылған. Ол түнгі мезгілде автокөліктердің есігін сындырып, қылмыстық әрекет жасаған», - деді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінде.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейін тергеу жүргізу амалдары жалғасуда. Полицейлер қарақшылардың құрбаны болған жағдайда жедел тергеу тобы келгенге дейін салонға отыруға және автокөлікке қолмен соқтықпауға кеңес береді. Егер де жазба және бейнетіркеу болса, міндетті түрде құқық қорғау органдарының өкіліне хабарласқан жөн.
Айта кетерлігі, бұған дейін полицейлер Толстой көшесіндегі үйдің ауласында көліктің оталдыру тетігінде кілтті қалдырып кетіп, үйде жайбарақат отыра бергенін анықтаған.