Бала ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Наурызда Павлодардағы мектептердің бірінде қараусыз қалған 1-сынып оқушысы шкафты ашып, ол жерден калий перманганаты бөтелкесін тауып алып, аузына сепкен, деп жазады Zakon.kz.
Бала ауруханаға жеткізілді.
Полицейлер оқиғадан бірнеше күн бұрын осы сыныптың мұғалімі басқа оқушының аяғы мен қолындағы жараларды емдеу үшін мектептің медицина қызметкерінен калий перманганатын алғанын анықтады. Содан кейін ол таңертең медбикеге беремін деп, асықпай марганцовканың бөтелкесін жұмыс үстелінің шкафына қойған.Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-бабы (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.