Павлодарда екі көшенің қиылысында ыстық су пайда болды

0
745

Төтенше жағдай Теплов және 1 Мамыр көшелерінің қиылысында орын алған.


Павлодарда екі көшенің қиылысында ыстық су пайда болды

ERNUR.KZ. Ыстық судың жайылуына кәріз ағындарды айдайтын сорғының істен шығуы себеп болған, деп жазады inbusiness.kz.

Қалалық әкімдікте хабарлағандай, төтенше жағдай Теплов және 1 Мамыр көшелерінің қиылысында орын алған.

«2019 жылдың 14 қарашасында сағат 21.00 шамасында ауа райының қолайсыздығына байланысты кәріз ағындарын айдайтын бір сорғы тоқтап қалды. Кәрізден су жердің бетіне шыққан» – деп хабарлады қалалық әкімдікте.

Кәріз коллекторын қайта жаңартып жатқан «ҚазСтройСервис 7» ЖШС мердігерлік ұйымы тіректі алып тастау бойынша іс-шараларды орындады. Әкімдікте аталған учаскеде су бұру штаттық режимде жүргізілетінін айтады.