Павлодарда ерлі-зайыптылар өртенген пәтерден шығып үлгерген: Баласы оқиға орнында көз жұмды

0
522

Өрт сөндірушілер келгенге дейін 1962 жылы туған пәтер иесі мен оның жұбайы, 1966 жылы туған әйел адам өздігінен үйден шыққан.


Павлодарда ерлі-зайыптылар өртенген пәтерден шығып үлгерген: Баласы оқиға орнында көз жұмды

ERNUR.KZ. Бүгін түнде Павлодардағы пәтерлердің бірінен өрт шықты. Ерлі-зайыптылар ғимараттан шығып үлгергенімен, олардың баласы қайтыс болды. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің Instagram парақшасында хабарланды, деп жазады kaz.nur.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 20 қыркүйекте түнггі сағат 3 шамасында өрт сөндірушілерге Павлодардағы Украинская көшесіндегі өрт туралы хабар түскен. Өрт бес қабатты үйдің соңғы қабатындағы 4 бөлмелі пәтерден шыққан. Жатын бөлмедегі 8 шаршы метр жерде жиһаз жанған.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін 1962 жылы туған пәтер иесі мен оның жұбайы, 1966 жылы туған әйел адам өздігінен үйден шыққан. Апаттар медицинасы орталығының бригадасы дәрігерге дейінгі Алғашқы көмек көрсетті және № 1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізді.

Сонымен бірге өрт сөндірушілер ас бөлмесінен пәтер иесінің 1987 жылы туған баласының денесін тапқан. Одан бөлек, екінші кіреберіс арқылы 12 адам, соның ішінде 2 бала эвакуацияланған. Өрт сағат 3:47-де сөндірілген. Алдын ала болжам бойынша өрт темекі шегу кезіндегі абайсыздықтан шыққан.

Марқұмның өлім себебі мен келтірілген шығын анықталуда. Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 22 қызметкер және 7 бірлік техника, өрт сынау зертханасы, Апаттар медицинасы орталығы, "102" қызметі жұмыс істеген.