Павлодарда карантин кезінде эротикалық массаж салоны жұмыс істеген

0
939

20-22 жас аралығындағы қыздар коронавирус жұқтыру қаупіне қарамастан клиенттерді қабылдап, пайда табуды көздеген.


Павлодарда карантин кезінде эротикалық массаж салоны жұмыс істеген

ERNUR.KZ. Павлодар орталығында карантин кезінде эротикалық массаж салоны жұмыс істеген, - деп жазады Tengrinews.kz.

Тәртіпсік сақшылары 9 тамызда арнайы рейд барысында эротикалық массаж салоны жұмыс істегенін анықтаған. Оқиға болған жерде мекеме әкімшісі мен салонда массаж жасайтын төрт қыз ұсталған.

"Қыздар 20-22 жас аралығында, олардың барлығы - Павлодар облысының тумалары. Қыздар коронавирус жұқтыру қаупіне қарамастан клиенттерді қабылдап, пайда табуды көздеген. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы және 463-бабы бойынша күдіктілерді жауапқа тарту үшін іс облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді", - деді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов.