Павлодарда көпқабатты үйдің ауласында ер адамды атып өлтірген күдікті іздестірілуде

0
672

Полиция аталмыш фактіні растағанымен, әзірше оқиғаның мән-жайлары туралы ақпарат таратпауда.


Павлодарда көпқабатты үйдің ауласында ер адамды атып өлтірген күдікті іздестірілуде

ERNUR.KZ. Павлодарда белгісіз біреу көпқабатты үйдің ауласында ер адамды атып өлтірген. Бұл оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жария етілді, деп жазады pavlodarnews.kz.

Жексенбі күні @kоlesa_pavlodarа және @tipavlo.dar пабликтері қайғылы оқиға болған орынның фотосуреттерін өз парақшаларында жария етті. Полиция аталмыш фактіні растағанымен, әзірше оқиғаның мән-жайлары туралы ақпарат таратпауда.

Тексерілмеген мәліметтер бойынша, Естай, 134/1 мекенжайындағы көпқабатты үйдің ауласында белгісіз біреу ер адамды атып өлтірген.

- Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаға қатысы бар тұлғаны анықтап, ұстау жөніндегі жұмыстар қолға алынды, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.

Полицейлердің айтуларынша, оқиға туралы ақпарат Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүдделерін қорғау мақсатында жарияланбауда.